Алматыда студенттер шахматтан сайысқа түсті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде шахматтан ЖОО-лар арасындағы қалалық турнир өтті. «Ең ақылды оқу орны» атағы үшін 12 команда бақ сынап көрді.

Үздік нәтиже көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері 1-ші орынға табан тіресе, ҚБТУ студенттері екінші орынды қанағат тұтты. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті үшінші орынға лайық деп танылды. Швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұратын зияткерлік додаға халықаралық спорт шебері Сергей Ким қазылық етті. «Мұндай турнир жылда өткізіледі. Шахмат адамның миының дамуына үлкен серпін береді. Бұл ойын 1,5 мың жыл бұрын пайда болған. Жыл сайын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері қалалық, республикалық турнирлерге қатысып, жүлделі орындар алып жүр», - деді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар