Алматыда студент қыздың қалтасын қаққандар ұсталды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері студент қыздың қалтасын қағып үлгерген екі ер адамды қылмыс үстінде ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ш.Қалдаяқов көшесіндегі аялдамалардың бірінде қоғамдық көлікке отырған қыз телефоны ұрланғанын аңғармаған.

«Менің пальтомның қалтасында жаңа телефон бар еді. Олардың қалай алғанын білмеймін. Олардың бірінен менің телефоным табылды. Қатты асығыс едім. Полицейлерге алғысым шексіз», - деді мүлік иесі.

Медеу аудандық ІІБ аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

«Күдіктілер болса өздерінің бұл іске тұрмыс тауқыметінен барғандарын айтқан. Бірақ, олардың өзге де қылмыстарға қатысты болуы ғажап емес, сондықтан тұрғындарға осы адамдардың бейнесіне жақсылап қарап алуын өтінеміз. Егер кім-де кім олардың әрекетінен жапа шексе, мына телефондарға 254-40-12, 254-43-93 хабарласуын сұраймыз», - деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

1 2 3 4

Соңғы жаңалықтар