Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мен кубогы жолындағы жарыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, турнирге еліміздің әр облысынан таңдаулы спортшылар қатысып жатыр.

24 маусымға дейін созылатын додада топ жарғандар тамыз айында Индонезияда өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысады.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Кимнің айтуынша, ел біріншілігі жас спортшылардың көрінуіне жол ашып, ұлттық құрама үздіктерінің дайындығын бір бағамдап алатын дода.

«Еліміздегі спорттық гимнастика енді ғана дами бастады. Ұлттық құрама да, олардың ізбасарлары да әлі жас. Соған қарамастан, әлем кубогы кезеңдеріне сәтті өнер көрсете бастады. Осы орайда, спортшылардың жағдайын жасап, бізге қаржылық және моральды көмек көрсетіп отырған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғыс айтқым келеді. Алдағы жарыс күндерінде анықталатын жеңімпаздардың барлығы ұлттық құрамаға шақырылып, оқу-жаттығу жиындарына қатысады», - дейді бас бапкер Александр Ким.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатына Алматы, Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Астана, Талдықорған, Семей қалаларынан спортшылар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар