Алматыда спортсүйер қауымға тегін таңғы жаттығу өткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда өткен таңғы жаттығуға спортқа жаны құмар жандар тегін қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент саябағында тәжірибелі фитнес-құрылымдаушылар таңғы спорттық жаттығуды тегін өткізді. Спортпен шұғылдануға студенттер және зейнеткерлер келді.

null«Спортпен айналысқысы келетіндерге біз кешенді дене жаттығуының қалай жасалатынын көрсеттік. Осы арқылы қазақстандықтарды спортқа шақыратын «Сенің жаңа қырың» деп аталатын эстафетаға үлесімізді қостық. Біз отырып-тұру, жылдам адымдау арқылы, джампинг джек пен жартылай секіру жаттығуларының көмегімен дененің барлық бөлігін қозғадық. Бұл жаттығуларды жасы да кәрісі де еш қиындықсыз жасай алады» - деді фитнес-жаттықтырушы Денис Журов.

nullАйта кетейік, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Almaty Street Fitness көше жаттығулары әр жексенбі күні өткізіледі. Шара қала тұрғындары мен қонақтарына дұрыс жаттығу тәсілдері мен тамақтану тәртібін қалыптастыруға көмектесіп, сол арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

  null null 

Соңғы жаңалықтар