Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Алматыда спортшылар мен қарттар Медеу баспалдақтарында жарысты

2017 жылғы 24 қыркүйек 23:32 338
Бөлісіңіз:
Алматыда спортшылар мен қарттар Медеу баспалдақтарында жарысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының Медеу шатқалында «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында XXIХ-шы «Медеу баспалдақ-2017» жүгіру жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы спорт хабының мәліметінше, 500-ден аса адам 100, 200, 300, 400, 500 және 841 баспалдақпен жүгірді.

«Рухани жаңғыру» аясында өткен жарысқа 7 жастан  бастап барлық  әуесқойлар, танымал және кәсіпқой спортшылар, сонымен қатар, отбасылық командалар қатысты. Нәтижесінде, 841 баспалдаққа ерлер арасында ең жақсы көрсеткішке - 4 минут 20 секундқа ие болған 19 жасар Әнуар Ерғазы болса, қыздар арасында А.Жанбатыр 841 сатыны 9 минут 55 секундта бағындырды.


Алматыда спортшылар мен қарттар Медеу баспалдақтарында жарыстыТанымал спортшылардың қатарында әлемдік рекордтарымен Гиннес кітабына еңген акробатшы Владимир Гашута болды. 70 жастан жоғары жас аралығындағы қатысушыларды озып 100 сатыны бірінші болып бағындырған ол өзінің қырықыншы алтын медаліне ие болды.

«Мен бұл жарысқа жылда қатысамын. 25 жыл бұрын 200 сатыны 37-і секундта бағындырған едім, содан бері ешкім бұл көрсеткішті жаңартпады. Қазір өзім үшін спортпен айналысамын. 100, 200, 300 сатыға қатысып тұрамын. Бұл біздей жастағы кісілерге өте пайдалы іс-шара, себебі өз жасындағы азаматтармен жарысып, керемет атмосфераға бөленесің», - деді Владимир Гашута.

Сонымен қатар, ол 200 баспалдаққа екінші болып шығып күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал, әйелдер арасында 70 жастан жоғары қатысушылардың қатарында 100 сатыға бірінші болып Әуезов ауданының ардагерлері қатарындағы Валентина Вичкуткина келді.


Алматыда спортшылар мен қарттар Медеу баспалдақтарында жарыстыЖеңімпаздар мен жүлдегерлер үздік нәтижелер бойынша, барлық жас ерекшеліктеріне  байланысты анықталып медаль мен дипломдар және жарыс ұйымдастырушы мен серіктестері  - медициналық компания «Omron» және «Sport Idea» спорт дүкені атынан сыйлықтар табысталды.


Алматыда спортшылар мен қарттар Медеу баспалдақтарында жарыстыОсы мерекелік шараның қатысушылары мен қонақтары «Галантус» группасының жанды дауыста орындалған әндеріне би билеп, арнайы орындарда көптеген ойындар ұйымдастырылды.


Алматыда спортшылар мен қарттар Медеу баспалдақтарында жарыстыАйта кету керек, бұл спорттық жарысқа ең жас және ересек спортшылар (7-12 жас аралығындағы балалар және 70-тен асқандар) баспалдақты бағындыруға  мүмкіндік алған болатын.

Аталмыш спорттық шара бұқаралық спорттың дамуына бағытталған  «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында өткізілді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT