Алматыда соттың шешімімен ірі мейрамхана сүріліп жатыр

None
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру барысында Наурызбай ауданы «Ақжар» шағын ауданындағы мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Белгілі мерзім өткен соң, меншік иесі ұсыным талаптарын орындамаған. Осыған орай, басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берген.


«2022 жылдың 26 тамызында сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, дегенмен, жауапкер апелляциялық шағым берді. 2022 жылдың 19 қазанында қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Бүгін, яғни, 13 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қымзеті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тұрғын үйге қосымша салынған құрылыс нысаны мен дәмхана террасасының сүрілетіні туралы жазғанбыз.


Соңғы жаңалықтар