Алматыда соттық сараптама медицинасы орталығының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соттық сараптама медицинасы орталығының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 167 бабының 8 және 9 тармақтарына сай 240 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады. «Соттық сараптама медицинасының орталығы» РМКК Алматы қалалық филиалын тексеру кезінде Түрксіб ауданы прокуратурасының қызметкерлері бірнеше заңбұзушылықтар орын алғанын анықтады. Атап айтқанда, ҚР «Сот-сараптамалық қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Еңбек туралы» заңнама талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Сонымен қатар осы орталықтың 12 сарапшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген жұмыспен шектелмей, аудан прокуратурасы «Соттық сараптама медицинасының орталығы» РМКК Алматы филиалына заң және заңдық актілердің талаптарына сай жұмыс атқару қажеттілігін ескертті. Сондай-ақ сараптамалық жұмысты сапалы және дер кезінде орындау үшін заңмен көзделген құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ұсыныс жасалды.

Соңғы жаңалықтар