Алматыда сотталған адам тергеу изоляторынан қашып кетті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 14 қазанда тергеу изоляторынан сотталған адам қашып кетті. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Алматы қалалық полиция департаменті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді»,-деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметтік тексеруді бастады.



Соңғы жаңалықтар