НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда пробация бақылауындағы сотталған коллекторлық компанияға жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару департаментіне қарасты Алмалы аудандық пробация қызметінің мамандары жуырда сотталған азаматты коллекторлық компанияға жұмысқа орналастырды.
Жұмыссыз жүрген сотталғандар қайтадан теріс жолға түсуі мүмкін. Осыны ескерген пробация мамандары сотталған М.-нің құжаттарын Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығына жіберген. Жуырда орталық мамандары аталған азаматты коллекторлық компанияға операторлық жұмысқа орналастырды.
«Алмалы аудандық пробация қызметінде 212 сотталған есепте тұрады. Солардың ішінен жыл басынан бері 23 жазасын өтеуші еңбекпен қамтамасыз етілу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберілді»,-делінген хабарламада.