Алматыда Сорбұлақ сарқынды су жинауышы елді мекендерге, қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Бұл туралы "Тоспа су" МКК бас директорының орынбасары Еркебұлан Файзуллаев айтты.

"Сорбұлақ жинауышына тазартылған сарқынды суларды жоспарлы ағызу шамамен мамыр айының ортасында дейін жүргізіледі. Бұл ретте еріген сулардың қосымша көлемі есептеліп түсетін судың ағымдағы көлемі сақталады. Жинауыштағы судың белгісі шамамен 859,04 млн текше метрге жетеді. Ол дегеніңіз 619,81 метр белгісіне сай келеді, яғни қауіпті тіреу белгісінен 69 см төмен. Сондықтан, Сорбұлақ жинауышы ешқандай қауіп төндірмейді", - деді Еркебұлан Файзуллаев.

Оның айтуынша, жақында облыстық және қалалық ТЖ департаментінің, гидрогеологиялық институт мамандарының қатысуымен жинауыштың гидротехнологиялық ахуалына тексеру жасалды. Нәтижесінде бөгеттің бөктері мен жотасында ақау байқалмаған.

Соңғы жаңалықтар