Алматыда соңғы 30 жылдағы Наурыз тойы жайлы онлайн көрме өтіп жатыр
«Наурыз тойы - мереке» онлайн көрмесінде Алматыдағы Наурыз мерекесін тойлау туралы мұрағат қорындағы құжаттар және «Наурыз шеруі» фотосуреттері ұсынылған.
Ал «Наурыз – құт-береке бастауы» көрмесі Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатындағы Наурыз мерекесінің фотосуреттер топтамасынан тұрады.
«Қазақтын ұлттық тағамдары» көрмесінде қазақ халқының барлық ұлттық тағамдары туралы деректерді көруге болады .
Мемлекеттік архивтің әлеуметтік желілерінде Наурыз мерекесіне қатысты өте қызықты мұрағаттық құжаттар жарияланған.
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің қор құрушысы М.Мырзахметұлының «Қазыналы Оңтүстік» жинағының негізінде дайындалған «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем!» атты материалда Наурыз мейрамы туралы тарихи деректер ұсынған.
Сонымен қатар, «Наурыз думан» деректі фильмін тамашалуаға болады.
Онда 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Наурыз мерекесінің хроникасы көрсетіледі.