Алматыда солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударушыларға арналған жәрмеңке өткізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4-5 наурыз бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс өңірлеріне (жұмысқа орналастыруды және жалға берілетін тұрғын үйді қамтамасыз етумен) ерікті аймақаралық қоныс аудару бағдарламасы бойынша бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Бос орындар жәрмеңкесіне 20-ға жуық компания, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Қостанай, Павлодар қалаларының жұмыспен қамту орталықтарының директорлары мен мамандары қатысады.

Жәрмеңкеге келушілерге Қазақстан Республикасының басқа қалаларында жұмыс табуға, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП, «Qolday» кәсіпкерлік орталығы және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры« АҚ-дан бизнес ашу үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі.
Шараны Бостандық ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады.
Жәрмеңке Әл-Фараби даңғылы бойында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдындағы алаңда 4-5 наурыз күндері сағат 10:00-ден басталады.


Соңғы жаңалықтар