Алматыда соққан дауыл жел мешіттің күмбезіне зақым келтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қатты дауыл салдарынан мешіттің күмбезі зақымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Сағат 14.40-та Алматыдағы Розыбакиев көшесінде секундына 15 метр жылдамдықпен соққан қатты жел «Байкен» мешіті күмбезінің 10 шаршы метрлік сыртқы қаптамасына зақым келтірді», - делінген хабарламада.

Комитеттің нақтылауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде мешіттің күмбезі зақымданған видеолар пайда болды. Видеоларда алтын түсті бөлшектен жасалған күмбез қаптамасының сөгіліп жатқаны көрінеді.

Соңғы жаңалықтар