Алматыда соғыс жылдарындағы әндер балконнан шырқалып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі Абай атындағы опера және балет театрымен бірлесіп, соғыс жылдарындағы әндерді балконнан орындау флешмобын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен бірлесіп, Жеңістің 75 жылдығына орай бірқатар мәдени іс-шаралар өткізеді. Барлық іс-шара елдегі төтенше жағдай режимін ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуынсыз өтеді.

9 мамырда қалалықтар әскери әндерді тұрғын үйлердің балкондарында тұрып орындайтын болады.

Барлық концерттік нөмірлер бейнекадрға түсіріліп, одан әрі әлеуметтік желілерге орналастыру үшін фильм-концертке біріктіріледі.

Театрдың жетекші солистері халықаралық конкурстардың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының вокалдан дәріс беретін оқытушысы Айдос Жабағин ¬- «Жеңіс күні» әнін, Абай театрының солисі Дулат Тоқанов сахналас әріптестерімен бірге «В бой идут одни «старики« фильмінен - «Смуглянка« әнін, Ләззат Бірімғазина бірнеше ұрпаққа жалғасып келе жатқан «Катюшаны« қазақ және орыс тілдерінде орындады.


Соңғы жаңалықтар