Алматыда соғыс ардагерлерінің аллеясы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Жеңістің 75 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнайы аллея ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
200 ағаш отырғызу бастамасын ҚР Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Республикалық «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі қолға алған.
«Бұл жерге 200 үйеңкі ағашы отырғызылды. Жас шыбықтар қазір жайқалып тұр. Көп адамдар ағашқа жеке жеке жауынгердің атын беруді ұсынды. Бірақ, мен олай етпеуге шешім қабылдадым. Бізде батырлар көп, ал ағаш саны 200-ақ. Егер олардың ұрпақтары ағаштардан атасының атын таппаса ыңғайсыз болады. Бұл саябақ соғыс ардагерлерінің батырлығын дәріптеуге мүмкіндік береді», - деді генерал Алмасбек Абдрахманов.
Салтанатты шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери ардагерлер жиналды.
«ҰОС қатысушылары аллеясы» ҚР Тұңғыш Президенті паркінің батыс жағында орналасқан.
Айта кету керек, бұл шара биыл Жеңіс күніне жоспарланған болатын. Алайда, карантинге байланысты кейінге шегерілді.
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Алматыда ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі таныстырылды
-
Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді
-
Алматының ІT архитектура жоспары бекітілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам