Алматыда соғыс ардагерлеріне қанша теңгеден берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беру ұсынылды. Мұндай ұсынысты Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева қалалық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 76 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік төлем мөлшерін 500 мыңнан бір миллион теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында тылда еңбек еткендерге және қайтыс болған екінші дүниежүзілік соғыс мүгедегінің зайыбына (жұбайына) - 50 мың теңгеден төлеуді ұсынымыз»,- деді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева.

Мәслихат депутаты Күпесбай Жампейісов бұл өте маңызды екенін атап өтті.

«Алматыда тек 129 соғыс ардагері қалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Ардагерлерге деген мақтаныш пен құрмет әр қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталады». Қазақстан соғыста жеңіске жету үшін айтарлықтай үлес қосқанын бәріміз білеміз. Мен күн сайын ардагерлермен сөйлесемін, олар 76-жылдық мерейтойына билік, мәслихат оларды қалай бағалайды екен деп күтеді. Сондықтан біз, мәслихат депутаттары, миллион төлеу туралы шешім қабылдағанымызға өте қуаныштымын»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар