+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді – Бақытжан Сағынтаев

2020 жылғы 9 мамыр 13:24
Бөлісіңіз:
Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді – Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Екінші дүниежүзі соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы өзінің Instagram парақшасында 9 мамырда жер бетін фашистік езгіден азат еткен майдангерлерімізге құрмет көрсетілетінін айтты.

«Қайталанбауы тиіс сол бір азапты жылдар уақыт өткен сайын бізден алыстап барады. Біз осылай ардагерлерімізге құрмет көрсеткен сайын олардың сол бір сұрапыл жылдардағы ерлігі жадымызда күн сайын жаңғыра берері сөзсіз. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс қасірет пен қайғыны еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы!» - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысының айтуынша, ардагерлер егде тартқан жасына қарамастан олар қоғамдық өмірге етене араласып, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың, адамгершілік пен абыройдың биік деңгейдегі үлгісін көрсетіп келеді.

«Бүгінде біз ардагерлерге қамқорлық пен ықылас-ілтипат көрсетіп отыруға тырысамыз», — деп жазды шаһар басшысы.

Қала әкімі биыл қала Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне миллион теңдеген бөлгенін атап өтті. Сондай-ақ, соғыс майдангерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұрғындар, майдан даласында қаза тапқан сарбаздардың жесірлері, тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған.

«Біз, бүгінгі ұрпақ, сіздердің алдарыңызда бізді жақсы ғұмыр кешсін деп сыйлаған бейбіт өмір, ашық аспан үшін басымызды иеміз. Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге зор денсаулық тілеймін!», – деді қала әкімі Б. Сағынтаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Жеңіс күні,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT