Алматыда соғыс ардагерінің пәтеріне тегін жөндеу жүргізілді (ФОТО)
2015 жылғы 23 ақпан 14:42

Алматыда соғыс ардагерінің пәтеріне тегін жөндеу жүргізілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Курск шайқасының қатысушысы, соғыс ардагері Сейтқасым Боранқұловтың пәтеріне тегін жөндеу жүргізілді.

95 жастағы ардагер мен оның жары Күлсін Құсайынова «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлерінің кеңесі» қоғамдық қорынан көмек сұраған. Қариялар «Ақсай-4» шағын ауданындағы екі бөлмелі пәтердің суықтығын айтып, қымтауға көмектесуін өтінген.

Қор мен «Либелла Боттлерс Казахстан» компаниясы ҰОС ардагерінің сөзін жерге тастамай екі бөлмелі пәтерді суықтан қорғайтын жабындылармен қымтап берді. Барлық жұмыстарға 300 мың теңге көлемінде қаржы кетті.

Қордың бас маманы Шолпан Ысқақова соғыс ардагерлерінің ерлігі кез-келген қайырымдылық іске лайық екендігін жеткізді.

Торғай облысының тумасы С.Боранқұлов майданға мектеп жасынан аттанған. 1942 жылы Воронеж майданында жеңіл танк командирі қатты жараланады. Екінші рет Сейтқасым Курск майданында жараланады. Кейін Украинаны, Беларусьты, Балтық елдерін азат етуге қатысқан. Жеңісті госпитальде қарсы алды.

Соғыстан кейін Сейтқасым Жаманұлы партиялық органдарда жұмыс істеген. Тың игеру жылдарында еңбегі үшін Қызыл ту орденімен марапатталған. Күлсін апай екеуі 6 баладан 16 немере, 20 шөбере сүйіп отыр.
ардагерінің

ардагерінің

ардагерінің

ардагерінің

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT