Алматыда Словения елінің консулдығы ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Словения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Приможа Шелигоны қабылдады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қала әкімі Бауыржан Байбек Словения капиталының қатысуымен Алматыда 6 кәсіпорын, 4 ортақ кәсіпорын ашылғанын атап өтті.

«Алматы - республикалық бюджеттің доноры. Біз басты назарды туризм саласына аударып отырмыз. Осы бағытта қалалық инфрақұрылымды, қоғамдық көлік жүйесін дамытуға басымдық беріп отырмыз. Бизнес ашам деген жасампаз жастарымыздың 90 пайызы Алматыда ісін бастайды. Біздің әріптестігіміздің негізгі арқауы экономика мен сауда ісі болары сөзсіз», - деді Б.Байбек.

Примож Шелиго әкімге алғысын білдіріп, қалада жақын арада Словения Республикасының консулдығы ашылатынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа дипломатиялық орган экономика, сауда саласындағы өзара ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бермек.

Соңғы жаңалықтар