Алматыда Словакия Республикасының консулдығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Словакия Республикасының консулдығы ашылды. Тарихи шараға ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Арслан Дандыбаев, Словакия Республикасының Қазақстандағы елшісі Петер Юза қатысты.

Словакия Республикасының Алматыдағы консулы лауазымына инвестициялық топ иегері, бизнесмен, Қазақстан азаматы Марат Сабалақов тағайындалды.

Оның басты міндеті - екі ел арасындағы экономика, сауда, ғылым және білім саласындағы қарым-қатынасты нығайту.

«Мен екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бар үлесімді қосатын боламын», - деді Словакияның Алматыдағы консулы Марат Сабалақов.

ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Арслан Дандыбаевтың айтуынша, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылдары қалыптасты. Қазір өзара тауар айналымы 165 млн. АҚШ долларын құрап отыр.

А.Дандыбаев Словакия тарапына ЭКСПО-2017 өткізуде Қазақстанның үміткерлігін қолдағаны үшін әрі көрмеге қатысуға ниет білдіргені үшін алғыс білдірді.

«Алматыда Словакияның консулдығы болғанын бұрыннан қалап жүр едік. Бұл мәселе шешімін тапқанына қуаныштымыз. Бұл тарихи маңызы зор шара. Екі елдің арасындағы байланыс бұрынғыдан да нығая түсеріне сенімдімін», - деді Словакия Республикасының Қазақстандағы елшісі Петер Юза.

Қазақстан мен Словакия арасында 16 құжатқа қол қойылған екен. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, аграрлық сала, азық-түлік, ағаш өңдеу өнеркәсібі, білім беру, туризм саласы басты басымдыққа ие. Қазақстанда словак капиталымен 17 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар