Алматыда Словакия Республикасының консулдығы ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең Словакия Республикасының консулдығы ашылады. Тарихи шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Арслан Дандыбаев, Словакия Республикасының Қазақстандағы елшісі Петер Юза қатысады.

Словакия Республикасының Алматыдағы консулы лауазымына инвестициялық топ иегері, бизнесмен, Қазақстан азаматы Марат Сабалақов тағайындалды. Оның басты міндеті - екі ел арасындағы экономика, сауда, ғылым және білім саласындағы қарым-қатынасты нығайту. «Мен екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бар үлесімді қосатын боламын», - деді Словакияның Алматыдағы консулы Марат Сабалақов.

Соңғы жаңалықтар