Алматыда скринингтен өткен әйелдердің 36%-ның денсаулығы нашар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда емханаларында қатерлі ісік дертіне қатысты скринингтік тексеру жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Учаскелік дәрігерлер скринингтік шақыртуларға бей-жай қарамауды сұрайды. Себебі, қаралуға келген әйелдердің 36% сүт безі қатерлі ісігінің белгілері анықталған.

Ер адамдардың 5%-нен простата қатерлі ісігі байқалды. Ал қаралуға келген адамдардың 7%-нен қан айналымы ауруларының белгісі табылған.

Тек қана №11 емхананың өзінде былтыр қан айналымы ауруларынан 4800 адам тексерілсе, 340 адамда ауру белгілері басталғанын анықталды.

«Қаралуға келген 38 адамнан қант диабеті табылды. Глаукома ауруына 5500 адам тексерілсе, 16 адам науқас екені белгілі болды. Былтыр қатерлі ісік бойынша 1800 адам скринингтен өтті. Оның ішінде 36%-нан, яғни 647 әйелден сүт безі рагының белгілері анықталса, 5 әйел қауіпті дерттің алғашқы кезеңінде екендігі белгілі болды», - деді №11 емхананың профилактика бөлімінің меңгерушісі Жигагүл Сұлтанова.

Сонымен қатар, тексерілуге келген 18 адам тікішек қатерлі ісігінің белгілері барын білген.

Алматыда қатерлі ісік аурулары бойынша асқазан-өңеш қатерлі ісігінің (1,3%), қуықасты безінің (2,3%) аурулары көш бастап тұр.

«Ұлттық скринингтік бағдарлама қатерлі ісік ауруларын алғашқы кезеңінде анықтауды бірнеше есе жақсартты. Бағдарлама 12 бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Осының арқасында сүт безі ауруынан көз жұматындардың көрсеткішін азайту мүмкін болып тұр. Оған адювантты терапия, химиогормонотерапия септігін тигізуде», - деді Жигагүл Сұлтанова.

Соңғы жаңалықтар