Алматыда Сиверс алма ағашының 8 мың көшеті отырғызылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте 50 мыңнан астам көшет отырғызылды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Аkimat Live бағдарламасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл көктемде 50 мыңнан астам көшет отырғызылды. Оның 17 мыңнан астамы - өтемдік, 21 мыңға жуығы - жобалық. Егілген ағаштарды күту кепілдік міндеттемелер есебінен жүзеге асырылады. Биылғы көктемдегі ең көп ағаш отырғызылған жердің бірі - Көктөбе тауындағы 8 мың Сиверс алма ағашы. Мұнда барлығы 40 мың Сиверс алма ағашы егіледі»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Маусым айының соңына дейін тағы 350 түп ағаш егіледі.

«Жетісу ауданының «Көкжиек» шағын ауданында 8 450 ағаш отырғызылды. Бұлар пирамидалы терек, күміс терек, сондай-ақ жеміс ағаштары – «алтын керемет», «американка», «лимонка» сынды алма ағаштары мен Никитинский өрігі. Алматы аудандарына емен, терек, каштан, мамыргүл, каталпа, қарағай, шырша сынды әртүрлі ағаш түрлері отырғызылды»,-деді ол.

Бұдан өзге, Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының мамандары «Жасыл аула» акциясы аясында 109 мекенжай тұрғындарына 1500 жапырақты көшет таратты.

Ағаш отырғызу барлық санитарлық нормалар мен маска режиміне сәйкес жүзеге асырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар