Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда синтетикалық есірткі сатқан әйел ұсталды. Оның қылмыстық әрекеті жедел және арнайы іс-шаралар кезінде расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласынан ұсталған.

«Рұқсат етілген жеке тінту барысында күдікті К. есімді азаматшадан оқшауланған қызыл түсті бума табылып тәркіленді, оның ішінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен орамы болды. Содан кейін ұсталған азаматшаның тұрғылықты жерін тінту кезінде 3 электронды таразы, полиэтилен пакеттер және медициналық тамшуырлар табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды»,- деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов

Сонымен қатар К. есімді күдікті синтетикалық есірткі сатқанын, оны интернет арқылы сатып алатынын мойындаған.

Есірткі сатушы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Соңғы жаңалықтар