Алматыда «Синойл» жанар-жағармай стансасының басшылары стансаны бұзу туралы сот шешіміне наразы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық сот Достық көшесінде орналасқан «Синойл» жанар-жағармай стансасын компанияның есебінен бұзу туралы шешім шығарған. Сот үкімімен ЖШС басшылығы келіспей отыр. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жанармай құю стансасының басшылығы аталған дерек бойынша қалалық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, оның заңды мүддесін қорғауды өтінді.

ЖШС басшылары 2013-2014 жылдары астыртын арыздар негізінде компания қызметін тексеру қаптап кеткенін айтып шағымданған. Олардың айтуынша, біреулер 13 жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан жанармай құю стансасын жабуды көксеп отыр.

Бұл мәселе бүгін қалалық палатаның кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің отырысында кеңінен талқыланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, палата сарапшылары осы сұрақ бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізуде.

Кеңес мүшелері іс материалдарын қайта қарауға ҚР Бас прокуратурасына бағыттап, сот шешімін қайта қарау үшін ҚР Жоғарғы Сотына жүгіну қажеттігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар