Алматыда «Шығыс базары» жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қолөнер шеберлерінің «Шығыс базары» атты жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азия қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында өтіп жатыр. Бұл шараны мемлекеттік орталық музей мен «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден келген шеберлердің сыйлық және кәдесый өнімдері ұсынылған.

Атап айтар болсақ, киізден тігілген киімдер, теріден жасалған әмиан, белдік және тағы басқа күнделікті тұтынатын заттар бар. Сондай-ақ, ағаш, керамикадан жасалған ыдыстар, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, тоқыма бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, жәрмеңке аясында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды, онда қолөнер шеберлері бір-бірімен тәжірбие алмасты.

«Шығыс базары» жәрмеңкесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар