Алматыда шығыс айналма жолы бір түнге жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласында Шығыс айналма жолының бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 шілде күні кешкі сағат 21: 00-ден 7 шілде таңғы сағат 07:00-ге дейін Шығыс айналма автожолының Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесі дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі», - деп хабарлады Алматы қалалық мобилділік басқармасынан.

Басқарма өкілдері келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауларын сұрайды.

Бұған дейін Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар