+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда шұңқырға түсіп кеткен жүргізушінің шығынын коммуналдық қызмет өтейді

2018 жылғы 17 қаңтар 17:08
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шұңқырға түсіп кетіп көлігін зақымдаған жүргізушіге коммуналдық қызмет өкілдері шығынын өтейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл істі Бостандық аудандық соты қараған.

Жауапты ретінде қалалық Энергетика басқармасының «Алматы Су» мемлекеттік кәсіпорны, «Жол-құрылыс басқармасы №13» ЖШС тартылды.

Айта кету керек, өткен жылы 17 ақпанда Қазыбек би мен Шағабутдинов көшелерінің қиылысында асфальт опырылып, шұңқырға «Тойота камри» көлігі түсіп кеткен болатын.

Сот шешімімен жауапқа тартылғандар айыпты деп танылып, материалдық шығынды ішінара өтеу туралы үкім шығарылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT