Алматыда шоу ұйымдастырушылар өз кірістерін 15 есеге азайтып көрсеткен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ойын-сауық шараларын ұйымдастырушыларға қатысты салықтық тексерулер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің хабарлауынша, шараны ұйымдастырушыларға қатысты хронометрлік тексеру жүргізілді.

«Атап айтқанда, концерт ұйымдастырушы бойынша фестивальді ұйымдастырудан түсетін кіріс 20,9 млн теңгені құрады, жеке концерт ұйымдастыру («Халық арена») - кірісі 31,1 млн теңгеге жеткен. Екі іс-шараның қорытындысы бойынша ұйымдастырушының кірісі - 52 млн теңге. Ал жүргізілген хронометрлік тексеруге сәйкес салық төлеушілер салық есептілігі түрінде 3 млн теңгеге жуық соманы көрсетті, яғни шын мәніндегі болған кіріс салықтық есептілікте 15 есеге немесе 48 млн теңгеге төмендетіліп көрсетілген», - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті.

Сондай-ақ, «Алматы аренада» жаттығуды ұйымдастырушыларға қатысты хронометрлік тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ұйымдастырушының 85 миллион теңгеден астам соманы құрайтын кірісі анықталды. Ал 2018 жылдың ішінде салық төлеушінің салық есептілігінде айналым нөлге тең болған.

Сонымен қатар, департамент 2019 жылдың соңына дейін мәдениет, шоу-бизнес және басқа да демалыс пен ойын-сауықтың саласындағы ұйымдастырушыларға тексеру жұмыстарын жалғастыратындығын хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар