Алматыда шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2022 жылы Алматыда шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) өкілдерінің инспекциялық сапарының нәтижесі бойынша конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық федерациясына осындай мүмкіндік берілген.

Осылайша, 9-11 желтоқсанда және 16-18 желтоқсанда Алматыда әлем кубогының III және IV кезеңі өтеді.

Айта кетейік, Алматы ә лем кубогы кезеңінің қатысушыларын 2018 жылы да қабылдаған болатын.




Фото: skating.kz



Соңғы жаңалықтар