Алматыда шомылу маусымы басталғаннан бері 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметі, Республикалық жедел-құтқару жасағы, құтқару қызметі,т«Қызыл жарты ай» қоғамы және Lider KZ еріктілерімен бірлесіп, қаланың акваторияларында рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейдтің мақсаты - қаладағы су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалпы су пайдалану қағидалары мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу.

«Алматыда шомылу маусымы басталғаннан бері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 364-бабы - жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 5 адам, 440-бап - алкогольді ішімдіктер немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу бойынша 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінеді ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ, ТЖД рейдтік іс-шараларға құлақтандыру автомобилі, DJI Matrice 300 дауыс зорайтқыш құрылғысы бар пилотсыз платформа (дрон) тартылатынын хабарлады.

Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға ортақ су пайдалану ережелерін бұзбауға және қаланың рұқсат етілген жағажайларында ғана шомылуға кеңес берді.

Еске салайық, Алматыда «Сайран» көлінің түбі тазарту жұмыстары басталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар