Алматыда Шоқан Уәлихановқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ұлы ғалым, ағартушы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті.

Атап айтқанда, Клара Диярованың «Аққан жұлдыз. Шоқан Уәлиханов», Орденбек Мәзбаев пен Исмаилжан Иминовтың «Шоқанның керуен жолымен» кітаптары көпшілікке таныстырылды.

Айта кетейік, жаңа туындыларға Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының Шоқанның ізімен Қашғарияға ұйымдастырған экспедициясынан туған деректер кірген. Биыл институт қызметкерлері «Золотая книга» редкациясымен біріге отырып, осы материалдар негізінде фотоальбом жасауды жөн деп шешті.

«2014 жылы Қазақстан география қоғамы бір топ ғалымды Ш.Уәлихановтың керуен жолына сапарға жіберді. Көпкүндік экспедицияда Турфан, Артуш қалаларында болдық. Бірінші бөлімінде біз Шоқанның өзі және саяхаты туралы баяндасақ, екіншісі біздің күнделігімізге айналды. Ол бірегей ғұлама еді. Көп ғалымдар оның барған жеріне бармай жатып еңбек жазады. Ол дұрыс емес. Менде әлі де көп сұрақ бар көкейімді мазалаған», - деді Исмаилжан Иминов.

Дөңгелек үстелде 30 ғалым бас қосты. Олар ғұламаның өмірі мен ғылымға қосқан үлесін жаңа қырынан талқылады.

Соңғы жаңалықтар