+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда ШОБ субъектілері жыл соңына дейін сақтандыру жарнасынан босатылды

2020 жылғы 5 қараша 14:26
Бөлісіңіз:
Алматыда ШОБ субъектілері жыл соңына дейін сақтандыру жарнасынан босатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес нысандары жыл соңына дейін медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ashyq: Алматыда «көшбасшы» және «аутсайдер» кәсіпкерлер тізімі жарияланды Саран қаласында көпбалалы ана «Бастау Бизнес» грантымен ателье ашты ШҚО-да пандемияға қарамастан кәсіпкерлер саны 7% өсті

ҚР Президентінің 14 қыркүйектегі №413 Жарлығы бойынша экономиканың пандемиядан мейлінше зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес нысандары бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдерден босатылған.

Бизнес субъектілеріне бұған дейін де 2020 жылдың сәуірі мен қазан айлары аралығында алты айлық жеңілдік берілген болатын.

«Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу міндетінен босатылған ШОБ нысандарының тізімі көктемде жасалған болатын. Олардың қатарында сауда-саттық, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй бизнесі, ойын-сауық, бағдарламалық қамсыздандыру нысандары, фитнес клубтары бар. Енді бизнесті қолдау мақсатында жеңілдік мерзімі жыл соңына дейін ұзартылып отыр», - деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Төлемдерден босатылған жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерін сақтандырумен қамтамасыз етуді естен шығармағаны жөн. Қызметкерлер МӘМС пакетіне енетін медициналық қызмет түрлерін кедергісіз алуы үшін олардың тізімін Қордың ақпараттық жүйесіне енгізіп, уақтылы жаңартып отыруы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы бойынша 116 604 шағын және орта бизнес нысанына жеңілдік берілген.

Жалпы, жұмысшыларға қатысты мәліметті бір рет енгізсе жеткілікті. Алдағы уақытта жұмысқа жаңадан алынған және жұмыстан шыққан қызметкерлер жайлы мәліметті енгізіп отыру қажет. Ақпарат ай сайын Мемлекеттік кіріс комитетіне жолданады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT