Алматыда ШОБ субьектілері үшін сауда алаңдарын құру мәселесі талқыланды
2017 жылғы 12 желтоқсан 18:18

Алматыда ШОБ субьектілері үшін сауда алаңдарын құру мәселесі талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазына капитал Менеджмент» компаниясының ұйымдастыруымен шағын және орта бизнес субьектілері үшін сауда алаңдарын құру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында тікелей инвестиция қорларының қатысуымен орта және шағын бизнес субьектілері сауда алаңдарын құру мүмкіндігі қарастырылуда. Талқылауға кәсіпкерлер, Қазақстан қор биржасы (KASE) тікелей инвестициялар қорын басқаратын брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты. «Қазына Капитал менеджмент» дөңгелек үстел барысында инфрақұрылымды дамытудың 3 балама нұсқасы көрсетілген талдаумен таныстырды.

«Халықаралық тәжірибені ескере келе 3 тұжырымдама шығардық. Біріншіден, KASE базасында арнайы сауда алаңын құру, екіншіден, биржалық емес нарық тәжірибесін қолдану, үшіншіден, арнайы пай қорларын қолдану тұжырымдарын ұсынамыз», - деді CKIF директоры Даурен Оңаев.
null

Маман Қазақстандағы шағын және орта бизнес формаларының ерекшелігін ескере келе KASE базасындағы арнайы сауда алаңының ерекшелігін анықтап көрсетті.

«KASE базасында ЖШС-ларды биржа алаңына шығаратын механизмнің арнайы инфрақұрылымы қалыптасқан. Бұл біздің негізгі нұсқамыз. Мұнда нарық қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас жақсы қалыптасқан. Брокерлік компаниялар түгел көрсетілген. Сонымен қатар, KASE базасындағы алаң ашықтық қағидаттарына толық жауап бере алатын еді. Бірақ бұл жағдай регламенттеудің нормативтік құжаттарын, биржа ережесін, заңдарды өзгертуге тура келетін еді. Ал екінші нұсқа ОТС форматындағы балама - екіжақты тікелей сауданы білдіреді. Сатушы мен сатып алушы бір-бірін арнайы алаң арқылы тауып алады. Мұндай алаңды құру ақпараттық инфрақұрылымды талап етері сөзсіз. Бұл жағдайда компаниялар аудит, есеп беруге дайын болуы тиіс. Инвесторлар ақпаратты арнайы алаң арқылы өздері тауып алады. Үшінші балама ұсыныс - Пай инвестициялық қорлар арқылы алаң ашу. Басқарушы компания бұл жағдайда қатысушылардың үлесін алаңға шығарумен айналысатын болады. Бұл басқарушы компания қорлармен де байланыста болады. Бұл балама бойынша да заңда шектеулер көп», - деді Дәурен Оңаев.
null

«Қазына Капитал Менеджмент» басқарма төрағасы Асқар Достияровтың айтуынша, тікелей ивнестиция ағымы қаржылық нарықтың дамуына тікелей байланысты. Қаржы нарығының кейбір бөлшектерінің жетіспеушілігі мысалы ШОБ үшін сауда алаңы, инвестициялық қорлар үшін екінші деңгейлі нарық көптеген компанияларға private equity жүйесінің жолын жабады және халықаралық инвесторларды тартуға кедергі келтіреді.

«Бұл мәселе - қор нарығы арқылы балама жолмен шығу стратегиясы бізде неге жоқ? Осы мәселе жазда көтерілген болатын. Халықаралық тәжірибені ескере келе private equity нарығы қор нарығының дамуына тікелей байланысты екенін түсіндік. Тікелей инвестиция қорлары қор нарығының алаңын пайдалана отырып, потенциалды клиенттерін қалыптастыра алатын еді. Қазір бұған қажеттілік туып отыр. Сондықтан, портфельдік компания өкілдері, бизнес саласының өкілдерін, қор нарығы саласынан биржалық компанияларды тартып, бірге талқылауды жөн көрдік. Яғни, келесі жылы тікелей инвестиция қорлары қор нарығы арқылы кіре алатын арнайы инфрақұрылым құру мүмкіндігін іздейтін боламыз», - деді А.Достияров.
null

Өз кезегінде KASE өкілдері бұл мүмкіндікті қарастыруға өз пікірлерін білдірді.

«Біздің қорда 4 алаң бар. Біз құнды қағаздармен, деривативтермен жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ, валюта нарығы бар. Алайда, тартымды эмитент табу үшін оны өсіру керек. Сондықтан, біз стартаптан бастап IPO дейін дамыту стратегиясын қолға алғанбыз. Эмитент нарыққа шығып, өзінің инвестор іздейтінін жариялаған соң корпоративтік басқару бойынша барлық талапты орындауы тиіс. Сондықтан, Қазақстанда венчурлік капитал үлкен рөл ойнайды. Өйткені, компанияларға бизнес бастағанда қаржы керек. Біз өз тарапымыздан стартап алаңын құруды қолға алдық. Бұл инвесторларды табуда басты қадам болады. Өйткені ККМ-де қор нарығына шығуға дайын компаниялар бар. Биржа инфрақұрылымы бұған толығымен мүмкіндік береді», - деді КАСЕ басқарма төрайымы Алдамбергенова Алина.
null

Jańalyqtar

MURAǴAT