Алматыда ШОБ дамуын тежейтін әкімшілік кедергілер 30 пайызға азаяды - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл ШОБ дамуын тежейтін әкімшілік кедергілер 30 пайызға азаяды. Бұл туралы бүгін өткен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының XV есептік-сайлау конференциясы барысында қала басшысы Ахметжан Есімов мәлім етті.

Мемлекет басшысы жақында ШОБ дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді 30 пайызға азайтуды 2017 жылға дейін жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Әкімнің айтуынша, Алматы қаласы аталған көрсеткішке биыл қол жеткізеді.

«Осындай шаралардың арқасында шағын және орта бизнес саласының үлесін 30 пайызға дейін арттыру мүмкін болып отыр. Қалада 115 мың ШОБ субьектісі бар. Олардың қызметінен бюджет түсімінің үлесі 68,5%-ға жетті. Шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеу 9 айда 363 млрд. теңгені құрады», - деді А.Есімов.

Қала басшысы аталған көрсеткіштерге Президенттің бастамасымен Ұлттық қордан 100 млрд. қаржы бөлінуінің арқасында жету мүмкін болғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар