Алматыда ШҚО және Абай облысы өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 15-16 қазан күні Шевченко көшесінің бойында «Ғылым ордасы» археология мұражайының алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі облыстың тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 168 тоннадан астам азық-түлік жеткізіледі.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 50 өнім түрі ұсынылады. Атап айтар болсақ, 40 тонна ет, 20 тонна сүт өнімдері, жеміс- жидек пен көкөніс 30 тонна, балық 13 тонна, бал 40 тонна, 25 тонна өзге де өнімдер бар.

Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.

Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында («Ғылым ордасы» археология мұражайына қарама-қарсы).



Соңғы жаңалықтар