Алматыда шіркеудегі өрт өшірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Петр мен Павл шіркеуіндегі өрт өшірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметов айтты.

«Ғимараттың негізгі шатыры өртенген. өрт ауданы 200 шаршы метр болды. Өрт сөндіруге 70 адам, 14 арнайы техника жұмылдырылды. Бір сағаттың ішінде өрт сөндірілді», - деді Н.Қожахметов. Қазір ғимараттан 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің себебі анықталуда. Төтенше жағдай туралы хабарлама таңғы сағат 10:27-де түскен. Ешкім жапа шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар