Алматыда шіркеуде өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Розыбакиев пен Әл-фараби даңғылында орналасқан шіркеу отқа оранды. Төтенше жағдай туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі қысқа ғана хабарлады.

«Тәуелсіздік 14 мекенжайында орналасқан шіркеуде өрт шықты. Өрт туралы хабарлама таңертең сағат 10:27-де түсті. Қазір оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмыс жасап жатыр. Өрт әлі сөндірілмеді», - деді баспасөз қызметінен.

Оқиға куәгерлерінің әлеуметтік желіде хабарлағанындай, шіркеу қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілген. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар