Алматыда шілде айында АӘК алуға өтініш қабылдау басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда атаулы әлеуметтік көмек алуға азаматтардан өтініш қабылдау шілде айында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың шілдесінде Алматыда азаматтардың АӘК бойынша өтініштерін қабылдау басталады (2020 жылдың маусым айындағы зейнетақы жарналарын ескере отырып). Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша 6 айдан кем емес тұрақты немесе уақытша тіркеу, ал құжат тапсырған кезде өтініш және сәйкестендіру үшін жеке куәлік беру қажет»,– деп хабарлады Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы.

АӘК қай күні өтініш берілгеніне қарамастан сол айдан бастап тағайындалады. Мысалы, өтініш 15 қаңтарда немесе айдың соңғы күні берілсе, онда төлем толық айға төленеді.

«Мемлекет еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс табуға көмектеседі. Азаматқа немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады. Ол келісімін берген жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қойылып, АӘК төленеді. Алайда, еңбекке қабілетті азамат жұмысқа шығудан бас тартса, уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату туралы шешім қабылдайды»,– делінген хабарламада.

АӘК тағайындау туралы өтінішті онлайн режимде Egov.kz электронды үкімет порталында және Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының 8 аудандық бөлімінде беруге болады.

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы аудандық бөлімдерінің байланыс телефондары:

Алмалы ауданы – Сейфуллин даңғылы 577, Жанар Кәрімжанова 8 747 849 00 23

Алатау ауданы – «Нұркент» ықшамауданы 5/25, Ақерке Құрманғали. 8 778 920 79 93

Әуезов ауданы – 3шағын ауданы, 41, Олжас Мұса 8 707 189 89 94

Бостандық ауданы – Жандосов к-сі, 2, Дәурен Нұрғалиев 8701 108 80 99

Жетісу ауданы – Мақатаев к-сі, 142, Арман Амантай 8707 788 58 45

Медеу ауданы – Төле би к-сі, 12, Ұлан Темірбек 8 708 283 16 93

Наурызбай ауданы – «Шұғыла» ықшамауданы 347, Зере Ысқақова 8778 462 49 64

Түрксіб ауданы – Рихард Зорге к-сі, 18, Толқын Әбдірахманова 8 707 566 14 74


Соңғы жаңалықтар