Алматыда шетелдік шеберлер қолөнер бұйымдарын ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шетелдік шеберлер қолөнер бұйымдарын ұсынды. Орталықтағы «Арбат» алаңында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Қырғыз елінен, Өзбекстаннан, Ресейден келген шеберлер ағаштан, киізден жасалған өнімдерін, күміс бисер моншақтардан жасалған өнімдері, тастан жасалған кәдесыйлар, қолдан тоқылған кілемдерін жайып салды.

«Ай шебері» шатырында Бішкектен келген Тұрымбеков Шынарастың ақ балшықтан жасалған кәдесыйларын көруге болады.

Жәрмеңке жексенбі күні де жұмысын жалғастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар