Алматыда шетелдік мамандар көздің қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға операция жасайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен көздің қатерлі ісігі - ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік сабағы өтеді. Бұл туралы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бұл бүгінде шетелде емделуді қажет етіп отырған балалар үшін таптырмас мүмкіндік. Шеберлік сабағында ретинобластомаға шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиялық терапия (СИАХТ) жүргізіледі.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша, ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу шарасы Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылмақ.

«Аталған операция түрі балалардың көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Операцияның ерекшелігі де осында»-деді мамандар.

Ретинобластомаға шалдыққан төрт балаға операция жасау үшін Ресейден Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығының дәрігерлері - ангиохирург И.А.Трофимов және анестезиолог Л.А.Мартынов арнайы шақырылған.

Болашақта ҚР Денсалық сақтау министрлігі бекітіп жататын болса, ресейлік мамандар көрсеткен әдіс Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының тәжірибесіне енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар