Алматыда шетелдік дәрігерлер бірегей ота жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шетелдік танымал дәрігерлер қазақстандық кардиохирургтерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шеберлік сабағы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 88 жылдығына арналған шара аясында өтті.

Қалалық кардиологиялық орталықта әлемдегі ең мықты кардиохирургтың бірі Римантас Бенетис пен орталық директоры Алмат Құдаспаев науқастарға үш ота жасады. Ота жаңадан пайда болған қолқа аневризмасына қатысты қолқа бөлімінің хирургиясы тақырыбына арналған шеберлік сабағының аясында өтті.

Римантас Бенетис Каунас университеті клиникасының жетекшісі. Бұған дейін Дания, Швеция, Англия мен Бельгияда жұмыс істеген. Соңғы бес жылда Қазақстанның кардиохирургия саласында еңбек етіп келеді.

Сондай-ақ Ақсай балалар клиникасында Пусан ұлттық университеті госпиталінің профессорлары Ли Юнсуб пен Парк Вонсок та шеберлік сабағын өткізді. Ортопедия саласында патологиясы бар балаларға ота жасады.

«Профессор Бенетис жүрекке үш ота жасады. Ота жасаудағы әр қадамын түсіндіріп отырды және резиденттер мен жас хирургтар үшін видеоға түсірілді. Ал Пусан университетінің профессорлары аймақтан келген балаларға 5 тегін ота жасап, 15 балаға тегін дәрігерлік кеңес берді», - деді Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Талғат Нұрғожин.null 

Қазақстандағы әр бесінші дәрігер - ҚазҰМУ-дың түлегі. Университет түлектерінің қатарында 8 Денсаулық сақтау министрі, 14 депутат және облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылары бар. Сонымен қатар университеттің 19 түлегі - Ғылыми-зерттеу орталығының директорлары. Биылдан бастап оқу орнында Ресейдің, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Иордания, АҚШ, Иран мен Түркияның азаматтары білім алып жатыр.null null null 

 

Соңғы жаңалықтар