Алматыда шетелдік бапкерді үй қызметшісі тонап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй қызметшісі шетелдік жаттықтырушыны тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, семсерлесуден Қазақстан олимпиада құрамасының 60 жастағы жаттықтырушысы, көп мөлшерде ақша ұрланғаны туралы арызданған.

«Мажарстан азаматының айтуынша, үйден 1 мың екродан астам қаражат жоғалған. Бірінші кезекте, біз, шетелдіктің үйіне кіретін адамдарды тексердік. Толық тексеруден кейін күдіктілердің тізімін жасадық. Осылайша біз үйін тазалаған әйелді анықтай алдық. Жедел түрде күдіктінің ақшаны айырбастаған жері анықталды. Қажетті дәлелдер жиналғаннан кейін ол қамауға алынды. Үй тазалаушы кінәсін бірден мойындады», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Спикер, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар