Алматыда шетелдік автокөлікті заңдастыруға 10 мыңнан астам өтініш түсті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шетелдік көлікті заңдастыруға 10 327 мың өтініш түсіп, оның 1649-ы мақұлданды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережелері өтініш берудің екі әдісі, яғни, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы іске асады. Заңдастырудың негізгі шарты - көлік құралдарына 200 000 теңге көлемінде оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу ставкасы қолданылады», - деді Б.Баятанов.

Бұл ретте көлік құралы 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағына әкелінген, іздеуде емес, бұрынғы тіркелген жерінен мемлекеттік тіркеуден шығарылған, кедендік ресімдеуден өткен болуы тиіс.

«Автокөлікті қысқа мерзімде заңдастыруға болады. Өтінішті қарап, шешім қабылдау мерзімі небәрі екі күн уақыт алады. Қазіргі таңда Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда кезек жоқ», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген автокөліктерді заңдастыру науқаны жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар