Алматыда шетел журналистері референдум учаскесіне аккредитациясыз кіріп кеткен

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қаладағы учаскелердің біріне ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредитациясыз келген. Бұл туралы Алматы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандай да бір түсініксіз жағдайлар болған жоқ. Алайда шетелдік БАҚ өкілдері учаскелердің біріне аккредитациясыз келгені белгілі болды. Бұл – ресейлік ұйымның өкілдері. Олар учаскеге жіберілген жоқ. Шетелдік БАҚ өкілдері Қазақстанда орталық сайлау комиссиясында немесе Сыртқы істер министрлігінде алдын ала аккредиттелуге тиіс», - деді Жанна Асанова брифинг барысында.

Айта кетсек, Алматыда 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы. Мегаполисте 574 референдум учаскесі ашық.

Референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 референдум учаскесінде дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар