Алматыда шетел көліктерін тіркеп беремін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда шетелдік көліктерді тіркеп беремін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, И.есімді ер адам «сарафандық радио» әдісі арқылы шетелдік көлікті тіркеуден өткізгісі келетіндерді тауып, кедендік рәсімдеусіз жасауға уәде берген. Ер адам өз қызметін 700 мың теңгеге бағалаған.

«Күдікті қамауға алынды. Ол алдаудың төрт фактісін мойындады. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 2,5 млн теңге. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті осыған ұқсас бап бойынша сотты болған.

Қазір уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.


Соңғы жаңалықтар