Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23-26 қараша аралығында Алматыда Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту.

Дәстүрлі музыка фестиваліне 16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады.

«Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек – 18 қараша аралығында [email protected] электронды поштасына қабылданады.


Соңғы жаңалықтар