Алматыда шекарашы қыз-келіншектерге сыйлық берілді
2018 жылғы 7 наурыз 18:56

Алматыда шекарашы қыз-келіншектерге сыйлық берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің академиясы бүгін қатарындағы әскери қыз-келіншектерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін шекарашылардың негізгі білім ордасы саналатын ҰҚК шекара қызметінің академиясы қатарында қызмет ететін қыз-келіншектерге арнап мерекелік концерт қойды. Бүгінгі таңда академия қабырғасында 250 қыз-келіншек қызмет етуде.

Мерекелік кеште сөз бастаған академия басшысы полковник Павел Поливанов отбасы өмірі мен әскери қызметті қатар алып жүрген әріптестеріне алғыс айтты.

«8 наурыз күні қыз-келіншектер ханшайымға айналады. Сіздер әскери қызметпен бірге отбасы өмірін де қатар алып, ерлік танытып жүрген жансыздар. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын», - деді полковник Павел Поливанов.

Аталған академияда абыройлы қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер көп. Солардың бірі мергендігімен танылған, ҚР ҰҚК-нің «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалінің иегері, аға сержант Мира Омарова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында әскери өмірдің ерекшелігімен бөлісті.

«Әскери өмір қиын деп айта алмаймын. Мен ата-анам қарсы болса да, мектеп бітіргеннен кейін спортшы болуды армандап, дене шынықтыру мамандығын таңдадым. Спорттағы жетістіктерімнен кейін әскери қызметке шақырылып, бүгінде осы академияда келісімшартпен қызмет етіп жатырмын. Мергендігіммен бірнеше сайыста дараланып шықтым. Ең бірінші, 2007 жылы Қызылордадағы 2019 әскери бөлімі атынан Оңтүстік аймақтық басқармасына қарасты 8 әскери бөлім ішінен «Макаров» тапаншасымен «ондыққа» дәл тигізіп, үздік шықтым.

Содан кейін Қазақстан шекарашыларының арасындағы үлкен сайыста да бірінші орынға ие болдым. Осыдан кейін Мәскеуде өткен ТМД шекарашылары арасында өткен сайыста 2-ші орынды алдым. 2017 жылы ҚР ІІМ тарапынан ұйымдастырылған әскерилер арасындағы сайыста шекарашылардың намысын қорғауға бардым. Сонда бірінші орын алдым. Осындай жарыстарды жиі ұйымдастырса деген тілегім бар. Бұл жарыстар өте қызықты өтетін еді. Басшылар осы спорттық сайыстарға көңіл бөлсе. Өзімді Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды апаларыма ұқсатамын. Егер сол заманда өмір сүрсем солардай болар ма едім...», - деді Мира Оспанова.
nullnull

Шекарашылардың мерекелік кешінде әйелдер тақырыбында жазылған әндер орындалып, сыйлықтар тарту етілді.

nullnullnull

nullnull

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT