Алматыда Шекара қызметі академиясының 54 курсанты корновирустан ем қабылдауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырғандардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары да бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шекара қызметі академиясы курсанттарынан коронавирус індеті анықталды. Алғашында 14 адамнан шыққан. Қазір 54 курсанттың осы індетті жұқтырғаны расталды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауда»,– деді Тілеухан Әбілдаев.


Соңғы жаңалықтар