Алматыда шекара арқылы 35 мың АҚШ долларын алып өтпек болған азамат ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шекара арқылы 35 мың АҚШ долларын алып өтпек болған азамат ұсталды. Бұл жөнінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Алматы Халықаралық әуежайында экономикалық контрабанда болып табылатын қылмыстық істің жолын кесті.

Нақтырақ айтқанда, «Алматы - Ыстамбұл» халықаралық әуе бағытына кедендік бақылау жүргізу барысында Сербия Республикасының азаматы ұсталды. Тексеру барысында одан 35 мыңға жуық АҚШ доллары табылған. Кеден шекарасын өту кезінде бұл қаражат декларацияда көрсетілмеген», - деді баспасөз қызметінен.

Бүгінде аталған дәйекке қатысты Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚР ҚК 209-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар